Мырзағали Айтжановтың орнына басқа бапкер келді

0
613

Париждегі сәтсіздіктен кейін Бокс федерациясы мырзағали Айтжанов бастаған бапкерлер құрамын толық жұмыстан шығарған еді. Қазір оның орнына бас бапкер болып Қайрат Сәтжанов тағайындалып отыр, деп хабарлады politico.kz.

Қайрат Сәтжанов бұған дейін ұлттық құраманы Токио олимпиадасына бастап апарған болатын. Жалпы, ол Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері болды. Оның жетекшілігімен 2021 жылы Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында (Сербия) II командалық орын (2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль) алған еді.

Айта кетсек, бүгінде Бокс федерациясы жаңа жаттықтырушылар құрамын әлі толық құрмаған. Бапкерлік құрамның ішіне шетелдік жаттықтырушы маман, жалпы дене даярлығы бойынша жаттықтырушы, сондай-ақ ғылыми топ мамандары шақырылған. Сонымен қатар, бас жаттықтырушының жеке шәкірті болмайды деген талап енгізілген.

Фото: Қазақстан бокс федерациясы



ПІКІР ЖАЗУ