«Бетінен сүйіп, гүл сыйлады»: Алтынай Жорабаеваны жолдасы ерекше күтіп алды

0
1065

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Алтынай Жорабаева кезекті сапарынан үйіне оралып, жолдасымен қауышқан сәтін көрсетті. Өнер иесінің күйеуі оны ерекше күтіп алған.

Алтынай Жорабаева Астанаға оралған сәтінен видеоны Instagram-дағы парақшасында жария етті. Онда әншіні жолдасы Әлішер Есенғазин күтіп алғанын көруге болады. Отағасы келіншегін бетінен сүйіп, оған гүл шоғы мен кішкентай ойыншық сыйлаған.

«Достар, қалайсыздар! Астанамызға келдік. Астанамызда жаңбыр жауып тұр екен. Менің кезекті тоғыз гүлім. Аллаға шүкір. Жаным сол, рақмет. «Өз үйім, өлең төсегім» деп келе жатырмыз», – деді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Алтынай Жорабаева танымал тұлғаларды сынға алып, олардың өмірі мен әр іс-әрекетттеріне айып тағатындарға жауап берген болатын.


ПІКІР ЖАЗУ