Гүлзира Айдарбекова Швейцарияда қалай демалып жатқанын көрсетті
Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова Еуропа елдеріне саяхатын жалғастырып жатыр. Қайрат Нұртастың анасы Италиядан кейін Швейцарияға жол тартқан.
Гүлзира Айдарбекова демалысы қалай өтіп жатқанын Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Белгілі продюсер Швейцарияның әсем жерлерін аралап, оқырмандарымен алған әсерімен бөлісті.
«Бүкіл әлем – таңның атуы мен күннің батуы, елдер мен кенттер, мұхиттар мен теңіздер, кездесу мен қоштасулар – сенің жүрегіңде. Швейцариядан естелік болсын! Менің өмірімнің бір бөлшегі оқырмандарыма да Алла әлемді аралауды жазсын», – деп жазды Қайрат Нұртастың анасы.
Айдарбекова бұл демалысына құрбыларымен бірге аттанған. Олар алдымен Италияны аралап, естен кетпес демалыс өткізген.