Спортшылар несиесін жауып, үйін әперіп қойғандықтан нәтиже көрсетпеді – спорт журналисі

0
254

Париж Олимпиадасынан тікелей ақпарат таратқан спорт журналисі Аслан Қаженов «Бірінші бол» Youtube арнасына берген сұхбатында Қазақстан спортшыларының барлық жағдайы жасалып, тіпті, несиелеріне дейін алдын ала жабылып қоятынын айтты.

Шыны керек, спортшыларда тоқтық бар. Өйткені Париж Олимпиадасының алдында олардың барлық жағдайы жасалды. Спортшы алаңдамасын деген мақсатпен федерация өкілдері олардың басындағы несиелерін жауып, көлік, пәтерлерін әперіп қойған еді. Өкінішке қарай, бұл оң нәтиже бермеді, – дейді әріптесіміз.

Оның айтуынша, бізден басқа ел спортшылары жоғары нәтижені Олимпиадаға «аш» барғандықтан көрсеткен.

Еске сала кетсек, Қазақстан құрамасы Париждегі Олимпиада ойындарында небары 7 медаль еншілеп, жалпы командалық есепте 43-орын алған болатын.

Фото: Michael Reaves/Getty Images



ПІКІР ЖАЗУ