Екеуі – полицей: Жамбыл облысындағы алапат апаттан 6 адам қаза тапты

0
228

Республикалық маңызы бар Меркі-Шу-Бурылбайтал тасжолында болған көлік апатынан 6 адам қаза тапты. Оның ішінде 2 патрульдік полиция бар.

Жамбыл олыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 01:00 шамасында болған.

Тойота Альфард жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, полицияның Skoda Octavia патрульдік көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан қызметтік көлікте болған және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз еткен 2 патрульдік полиция қызметкері оқиға орнында көз жұмды. Қаза тапқан полицейлердің бірі – 11 баланың әкесі. Toyota Alphard көлігінде 8 жолаушы болған. Олардың төртеуі оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен тағы 3 жолаушы әртүрлі ауырлықтағы жарақаттармен орталық облыстық ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі («Адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция департаменті қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

Фото: t.me/kris_p_almaty_official



ПІКІР ЖАЗУ