Мұхамеджан Тазабек: Қайрат Сатыбалды менің ақтауыма, сіздің даттауыңызға мұқтаж емес

0
535

Мұхамеджан Тазабек Қайрат Сатыбалдының түрмеден шығуына қатысты жазба жариялап, дұғаға қосқанын айтқан еді.

Оның бұл әрекеті көпшіліктің сынына ұшырады. Кейіннен ол арнайы жазба жариялап, Қайрат Сатылбалдының «оның ақтауына, елдің даттауына мұқтаж емес» екенін айтты.

Кешегі посттан кейін біраз шуладық. Әдейі салған едім. Енді соның себебін айтайын. Биліктің құрығы ұзын. Кімге не істейтінін менен, сізден, одан сұрамайды. Жазасын өтеп жатқан жақындарымыз да ересек жандар. Не істесе де іші біледі, жүрегі сезеді. Ешкім менің ақтауыма, сіздің даттауыңызға мұқтаж емес. Алла басқа салғанын көріп жатыр. Тек, сүрінгенді де, бүлінгенді де табаламайық. Алдымызда не күтіп тұрғанын ешкім білмейді, – деп жазды Мұхамеджан Тазабек.


ПІКІР ЖАЗУ