«Қазақша акцентіңіз бар». Жұмысқа тұруға барған білікті маман күтпеген кедергіге тап болған

0
74

Әлеуметтік желіде қазақ тілінің мәртебесіне қатысты тағы бір даулы видео тарады. 

Желіде тараған кадрларда Астана тұрғыны жұмысқа тұру үшін сұхбатқа барып, күтпеген кедергіге тап болғанын айтады.

«Бір құрылыс компаниясы бизнес ассистент қызметіне жұмысқа шақырған. Келдім. Сұхбат барысында маған «когда вы на русском разговариваете у вас какой-то акцент казахский…» деп төбеден түскендей қойып қалды. Мен «үйде тек қазақ тілінде сөйлегендіктен шығар» дедім… «Өзге тілде сөйлесең, ешқандай акцент болмауы керек» деген қалыптасқан қағида ма?! Орыс тілі де, ағылшын тілі де шет тілі ғой. Менің ойымша, акцент қалыпты нәрсе», — деді ол.

Видео авторының есімі — Гүлнұр Ахан.


ПІКІР ЖАЗУ