Баскетолшы көлігіне түскен ұрыларға алғысын білдірді

0
178

Осыдан бірер күн бұрын «Париж» баскетбол клубының 22 жастағы қорғаушысы Надири Ифидің көлігіне ұрылар түсіп, салондағы жеке заттарының бәрін үптеп кеткен, деп хабарлады politico.kz El.kz-ке сілтеме жасап.

Баскетболшы көп ойланбастан әлеуметтік желі арқылы мәлімдеме жасап, ұрылардан тек паспортын қайтаруды сұраған.

Елисей алаңындағы көлігімнен заттарымды ұрлап кеткен адамдарға айтар өтінішім, маған саяхаттау үшін паспортым ғана керек. Ақша, сағат пен өзге де заттарды алып қала беріңіздер, – деді баскетболшы.

Осыдан соң ойыншының төлқұжатын қайтарып берген. Бұл туралы Надиридің өзі айтып, ұрыларға алғысын да білдірді.

Фото: sports.ru



ПІКІР ЖАЗУ