58 жастағы Қорғаныс министрі жас әйелі мен кішкентай балаларын көрсетті

0
1100

Әлеуметтік желіге Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың отбасымен түскен суреті тарады.

Отбасылық портрет Астана фотостудияларының бірінің Instagram-дағы аккаунтына жарияланған. Фотода генерал-полковник Руслан Жақсылықов, оның әйелі, үлкен қызы және екі кішкентай ұлы бар. Барлық отбасы мүшесі арнайы форма киіп, омыраулары төсбелгілермен безендірілген.

Осы орайда пікір жазғандардың бірі Қорғаныс министрінің жарнамаға келісетін-келіспейтінін сұрады. Ал фотостудия қызметкерлері клиенттердің фотосуреттерін рұқсатсыз жарияламайтындарын алға тартты.

Біз фотосуреттерді клиенттің рұқсатынсыз жарияламаймыз және олардың мәртебесіне қарамастан, жариялауға рұқсат беретіндерді шынымен бағалаймыз. Әке – тек отағасы ғана емес, оның сенімді тірегі, қорғаушысы. Әке – балалардың жадында мәңгі қалатын дос, – деп жауап берді фотостудия мамандары.

Айта кетсек, Руслан Жақсылықов 1966 жылы дүниеге келген. Алматы облысының тумасы. Ол 2022 жылдың қаңтарында министр болып тағайындалды.

Фото: vsphotoastana



ПІКІР ЖАЗУ