Қазақстандықтар МӘМС жүйесіне қатысты петицияға да қол жинап жатыр
Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты петиция іске қосылды, деп хабарлады politico.kz ePetition.kz-ке сілтеме жасап.
Сайтта «МӘМС жүйесін өзгертуді талап етеміз» деген петиция пайда болды.
Біз, Қазақстан Республикасының азаматтары, Денсаулық сақтау министрлігінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты ҚР құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді сұраймыз, – делінген құжатта.
Авторлар азаматтардың аударымдарына қатысты бірқатар өзгеріс ұсынған.
Олар:
1) азаматтардың бірнеше табыс көзі болса да тек бір табыс көзінен аударым жасауға мүмкіндігі болуға тиіс. Яғни, егер адам екі жұмыс істесе, онда олардың біреуімен ғана шегерім жасау жеткілікті.
Көптеген азамат МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық қызметтерді алмайды, ал жарналар босқа күйіп кетеді. Яғни егер азамат медициналық қызметті белгілі бір айда шартты түрде алмаса, МӘМС жарнасы қайтарылмайды және жинақталмайды. Олар жинақталмағандықтан және қайтарылмағандықтан, есептеулер мен аударымдар үшін екі немесе бірнеше қолдану болмауы керек деп санаймыз, – дейді петиция авторлары.
2) Егер дара кәсіпкердің қандай да бір айда табысы болмаса, оны осы айда аударымдар жасау қажеттілігінен босату қажет.
3) МӘМС бойынша жарналарды жинақтауға және оларды (немесе олардың кем дегенде бір бөлігін) жақын туыстарына беруге мүмкіндік болуға тиіс.
МӘМС жүйесіне қоғамдық наразылықты және мемлекеттік аудитпен анықталған миллиардтаған бұзушылықтарды ескеріп, бұл жүйе жоғарыда аталған мәселелерді қарау арқылы ҚР азаматтарының тыныс-тіршілігін жақсарту бөлігінде түбегейлі өзгерістерді талап етеді деп санаймыз, – деп түйіндеді талапты құжат авторлары.
Әзірге петицияға тек 101 азамат қол қойған. Еске сала ктсек, оны қарастыру үшін кемінде 50 мың дауыс жиналуы керек.
Фото: time.kz