Әнші Әділет Жауғашар такси жүргізушісі болып жүр

0
115

Жас әнші Әділет Жауғашар такси жүргізушісі болып жүр. Ол «жаңа қызметінде» түсірген видеосын Instagram-дағы парақшасына жүктеді.

Бірақ бұл – әншінің жеке концертіне дайындығы ғана. Әділет Жауғашар «Әділетті Taxi» деп аталатын айдарында көлікке жолаушыны отырғызып, артынша оған ән орындап беруді көздейді. Осылайша, жолаушының көңілін көтереді.

Кадрдан көлікке отырған қыздың да Әділет Жауғашардың даусына тамсанып, оны видеоға түсіріп алғанын көруге болады. Ал әнші оған «Сенің күлгін көйлегің» әнін орындап берген.

Еске сала кетсек, жақында Әділет Жауғашар жеке шығармашылық кешін өткізбек. Яғни, көлікте ән шырқауын оның сол кешке дайындығы әрі жарнамасы деуге болады.

Фото: insagram.com/ adilet_zhaugashar



ПІКІР ЖАЗУ