Алматыда ішкиіммен ғана жүрген мас әнші ресепшндегі әйнекті шаққан

0
505

Әнші Алтынбек Тәшімбетов ішімдік ішкені және медицина қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіргені үшін сот алдында жауап береді, деп хабарлады Алматы қаласының полиция департаменті.

Айта кетсек, кеш Kozachkov offside Telegram арнасында оқиға орнынан фото жарияланды. Cуреттегі адамның әнші Алтынбек Тәшімбетов екенін көруге болады.

Дүйсенбі күні Алматының орталық қалалық клиникалық ауруханасына денесінде жарақат іздері бар өнер иесі жеткізілді. Оның үстінде тек ішкиімі ғана болған. Аса танымал емес әнші өзін үлкен жұлдыз ретінде ұстап, қабылдау бөлімінде жанжал шығарды. Ол ресепшндегі әйнекті шағып, медбикеге дөрекілік танытқан. Ашуға булыққан әншіні полицейлер тоқтатты, – деп жазылған мәтінде.

Қазір оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы мен 80-1 бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік өндіріс материалдары жиналды. Шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберілді.

Фото: Instagram//altynbek_tashimbetov



ПІКІР ЖАЗУ