Ақтөбеде 20 тонна мектеп дәптерін өртеген күдікті ұсталды

0
206

Полиция мектеп дәптері тиелген жүк көлігін өртеп жіберген күдіктіні ұстады.

Еске сала кетсек, биыл жаздың басында Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында 20 тонна мектеп дәптері тиелген Mercedes-Benz жүк көлігі өртенген болатын.

Полиция мәліметінше, күдікті қылмыс жасағаннан кейін 2 айдан аса уақыт іздеуде жүрген. Келтірілген залал көлемі 54 млн теңгеден асады.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің тұрған жерін анықтап, оны қолға түсірді.

Фото: Ақтөбе облысының ПД



ПІКІР ЖАЗУ