«Арбузьер»: Нұрлан Қоянбаевтың қарбыз сатып алу челленджі күлкіге қалды

0
288

Таяуда актер, продюсер Нұрлан Қоянбаев жолында кездескен диқандардың саудасын жүргізіп, 2 тонна қарбыз сатып алған еді. Соны челленджге айналдырған өнердегі әріптестері жаппай қарбыз сатып ала бастады. Арасында бұл әрекетті әзілге айналдырғандары да бар.

Нұрекеңнің бастамасын қолдаймыз. Бірақ қауынды да сатып алуға шақырамыз. Оларды да сатып алып немесе тегін тарату керек, – деп жазды актер Дәулет Бижанов Instagram-дағы парақшасына.

Сондай-ақ ол қасындағы әріптестерімен бірге сөредегі қауындарға «Қауынға да көңіл бөл!», «Қазақтың қауыны бітпесін!», «Қауын жасасын!», «Қауын-қарбыз – біртуған», «Арбузьер» деген сияқты үнпарақтар қыстырып қойған.

Содан кейін олар далада сатып алған қауындарын қала көшесінде жұртқа тегін таратты.



ПІКІР ЖАЗУ