58 жастағы Майк Тайсон қарашада жекпе-жекке шығады

0
172

Аты аңызға айналған әйгілі боксшы Майк Тайсон күзде танымал блогер Джейк Полмен жекпе-жекке шығады.

MVP промоутерлік компаниясының мәліметінше, жекпе-жек 15 қарашада Техаста 80 мың адамға арналған AT&T Stadium стадионында өтеді.

Айта кетсек, 19 тамызда Нью-Йоркте Тайсон мен Пол көз түйістірген болатын. Көз түйістіру барысында екеуі бірін-бірі итеріп жіберді.

Екеуінің арасындағы кездесу 21 шілдеге жоспарланған еді. Алайда Майк Тайсон ұшақта өзін нашар сезініп, жекпе-жек кейінге шегерілді.

Жалпы, Майк Тайсон кәсіби мансабын 2005 жылы аяқтаған болатын. Содан бері тек екі мәрте коммерциялық жекпе-жекте өнер көрсетті. Соңғы мәрте ол 2020 жылы аты аңызға айналған боксшы Рой Джонспен шоу өткізіп, жекпе-жек тең нәтижемен аяқталды.

Фото: dzen.ru



ПІКІР ЖАЗУ