Биыл мыңға жуық «Алтын белгі» иегері грант ала алмады

0
303

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, биыл «Алтын белгі» иегерлерінің 15 пайызы ЖОО-да оқу үшін білім грантын ала алмаған.

2024 жылы «Алтын белгі» иегерлерінен 6 403 өтініш қабылданып, оның ішінде 5 419 адам немесе талапкерлердің 85 пайызы білім грантына ие болды, – делінген хабарламада.

Министрлік республикалық бюджет қаражаты есебінен бакалавр дәрежесін беретін білім беру гранттары ҰБТ нәтижелеріне сәйкес конкурстық негізде берілетінін атап өтті.

Барлық грант ҰБТ нәтижелері бойынша конкурстық негізде беріледі. Ал «Алтын белгі» иегерлері тек ұпай саны тең болған жағдайда ғана басым құқыққа ие болады, – делінген министрлік хабарламасында.

Фото: obvk.kz



ПІКІР ЖАЗУ