Иван Дычко америкалық қарсыласын 2-раундта құлатты

0
130

Қазақстандық боксшы Иван Дычко америкалық Крейг Льюисті нокаутқа түсірді.

Жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған болатын. Бірақ екінші раундта Иван Дычко техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осылайша, ол 14-жеңісіне қол жеткізді. Оның 13-ін мерзімінен бұрын аяқтап отыр.

Ал Крейг Льюис 8-рет жеңілді. Салмақ өлшеу кезінде ол Дычкодан 12 келі ауыр болып шыққан еді.

Жекпе-жектегі нокдаун мен нокауттың видеосын мына жерден көруге болады.

Фото: sports.kz



ПІКІР ЖАЗУ