Қостанай облысында 23 сиыр тиеген көлік аударылды
Қостанай облысында ет өңдеу комбинатына 23 сиырды тиеп апара жатқан ауыр жүктасығыш көлігі аударылды.
Жол-көлік оқиғасының егжей-тегжейін облыстық ПД баспасөз қызметі жариялады.
21 тамызда кешке Қостанай-Мамлютка автожолының 26-шақырымында Volvo жүк көлігінің 34 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, жыраға аударылды, – делінген хабарламада.
Жүк арбада 23 сиыр болған. Ер адам оларды Солтүстік Қазақстан облысынан Заречное кентіндегі ет комбинаттарының біріне апара жатқан.
Оқиға салдарынан жүргізушінің өзі зардап шеккен жоқ. Бірнеше сиыр жарақат алды, – деп нақтылады полиция.
Оқиға орнына жүк көлігінің манипуляторы келді, оның көмегімен жануарлар тиелді. Осыдан кейін көлік полицейлердің сүйемелдеуімен межелі жерге барады.
Фото: Қостанай облысының ПД