Салтанат Нүкенованың ағасы қызылордалық қызға 17,9 млн теңге жиналғанын айтты
Қызылордада жөзекшелікпен айналысуға мәжбүр болған 16 жастағы қызға қайырымдылық мақсатта 17 миллион 985 мың теңге қаражат жиналды.
Бұл туралы марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы, құқық қорғаушы Айтбек Амангелді Instagram-дағы парақшасында хабарлады.
Сексуалды құлдыққа тап болған оқушыға жиналған 17 миллион 985 мың теңгенің 922 мыңы 14-19 тамыз аралығында қыз бен оның отбасына қажет болған заттарға жұмсалған. Тізімде азық-түлік, дәрі-дәрмектер, кеңсе тауарларымен қатар, қызға сыйлық ретінде сатып алынған шпиц күшігі де бар.
Сонымен қатар «НеМолчи» қорының есебі көрсеткендей, жыл соңына дейін үш адвокатқа 6 миллион 244 мың теңге жұмсалады. Сонымен қатар, күнделікті шығындарға қосымша 1 миллион 436 мың теңге бөлінеді.
Фото: видеодан скриншот