«Тұрмысқа шыққаныма қатты ұялдым». Тамара Асар үйлену тойы қалай өткенін еске алды

0
59

Қазақстандық танымал әнші Тамара Асар сахнадағы әріптестері Қарақат пен Қыдырәлі Болмановтың тойынан соң тұрмысқа шыққан кезін еске алды.

Өнер иесі пандемия кезінде шаңырақ көтеріп, ал некесі шаңырағында қиылғанын айтты.

Кешегі тойдан кейін жолдасым «біз де той жасайық» деген ұсыныс айтты. «Тойларға аман-есен жете берейік! Қамбар мен Әлішерді үйлендірейік» дедім. Біздің тойымыз пандемия кезінде алты адаммен ғана өтіп кеткен. Құдалыққа бес адам келді. Тұрмысқа шыққаныма қатты ұялдым. Әкемнің шаңырағында некеміз қиылды. Мәхрге көлік сұрадым. Жолдасым ертеңіне Алматыға барғанда көлік сыйлады. Ол кезде ұялғанымнан ештеңе көрсете алмадым. Әрі бәріне шектеу қойып тастаған еді. Жолдасым өзі білмесе де, білетіндермен ақылдасып, барлық жоралғыны түгендеп әкелді. Енемнің туған сіңлісі бәрін реттеген. Пандемия кезіндегі тойымызды оқырмандарым да алғаш көріп отыр. Шабытым келсе, той үстіндегі қызықтарды айтып беремін, – деп жазды өнер иесі.

Фото: Instagram/tamara_assar_official


ПІКІР ЖАЗУ