«Қол ұстасып жүре алмадық»: Жазира Байырбекова тұрмысқа шыққан кезін еске алды

0
67

Отандық танымал әнші Жазира Байырбекова алғаш тұрмысқа шыққан кезін еске алып, желіде сыр шертті. Өнер иесі келін болып түскенде жолдасымен қос ұстасып жүре алмағанын айтты.

Жазира Байырбекова Instagram-дағы парақшасында жолдасымен қос ұстасып келе жатқан видеосын жариялап, отау құрған кезін есіне алды.

Өнер иесі алғаш тұрмысқа шыққан кезде күйеуімен бұлай жүре алмағанын ашып айтты. Әншінің сөзінше, ауылда отағасымен қос ұстасып жүрген ерсі саналатын.

«28 жыл бұрын үйленген жұп деп кім айтады бізді. Жаңадан үйленгенде қол ұстасып жүре алмадық. Ұят, масқара деді ауылда. Қазір енді ұят емес шығар иә», – деп жазды шоу-бизнес жұлдызы.


ПІКІР ЖАЗУ