«Бәрін дүйсенбіде естисіздер»: Жанқош Тұраровтың әйелі мәлімдеме жасады

0
649

Белгілі боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деп айыпталғаннан кейін оның үстінен арыз жазған Әнару Құрманалиева журналистерге оқиғаны егжей-тегжейлі айтып берген болатын, деп хабарлады politico.kz.

Ал кеше боксшының әйелі Клара Иса әлеуметтік желіге шығып, өздері тарапынан сол сұхбатқа байланысты жауап берілетінін айтты.

Кешегі сұхбатқа байланысты менің не дейтінімді сұрағысы келіп отырғандар бар. Бірақ бізге әзірге ештеңе айтуға болмайды. Алла қаласа, бәрін дүйсенбі күні естисіздер. Дүйсенбіде сұхбат алғысы келіп жатқан журналистердің бәрін Алла қаласа күтеміз, – деді Клара Иса.

Фото: iunstagram/klarita_os



ПІКІР ЖАЗУ