«Үшіншісін туайық деп жатырмыз»: Мақпал Исабекова оқырманмен сырласты

0
204

Әнші Мақпал Исабекова көпбалалы ана болғысы келетінін айтты.

Айта кетсек, ол жақында қызын дүниеге әкелген еді. Кейін Instagram-дағы парақшасында сұрақ-жауап ашып, оқырмандарымен сырласты. Желі қолданушыларының бірі оның отбасылық өмірі туралы сөз қозғап, күйеуімен ажырасып кеткенінің рас-өтірігін сұрады.

Жоқ, үшіншісін туайық деп жатырмыз», – деп жауап берді әнші.

Сонымен қатар ол ерте тұрмыс құруға қатысты да ой бөлісіп, қыздарға кеңес берді.

Қыздар, мойымаңдар! Бәріне де үлгересіңдер. Тұрмысқа да шығасыңдар, баланы да туасыңдар, шаршайсыңдар. Өмірден рахат алып, дамып, саяхаттаңыздар! Бәрі өз уақытымен, – деп жазды Мақпал Исабекова.

Фото: instagram.com/makosyai



ПІКІР ЖАЗУ