«Әлемде жалғыз қалма»: Жәнібек Жұмағұлов өзін асырап алған әйелдің соңғы өсиетін айтты

0
164

Бельгиялық әйел асырап алған Жәнібек Жұмағұлов Instagram-дағы парақшасында анасының соңғы өсиеті туралы жазды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның сөзіне қарағанда, анасы Валери көз жұмар алдында «мына әлемде жалғыз қалма» деп өсиет айтқан екен.

Ең алдымен өмірде жақынынан айырылып қалған адамдардың бәріне көңіл айтқым келеді. Валери 10 шілдеде қайтыс болды. Иә, мені асырап алған анам таңғы 10:30-да бұл дүниемен қоштасты. Биыл қаңтарда Таиландта жүрген кезімде Валери ұзақ жылдар бойы азап шеккеннен кейін былтыр эвтаназияға жүгінгенін айтып еді. Валери мықты адам ретінде есте қалды, өйткені ол басына түскен қиындықпен жалғыз күресуге мәжбүр болды. «Туған анаңды тап және мына үлкен әлемде жалғыз қалма» деп маған соңғы тілегін айтып кетті. Сауалы көп, жауабы жоқ оқиғада оның тілегін орындай алар ма екенбіз? Рақмет, мама! – дейді Жәнібек.

Осы орайда ол анасының соңғы тілегін орындау үшін жұрттан көмек сұрады.

Достар, қайырлы күн! 10.07.2024. Көпшілік білетіндей, бұл – менің ең жақын адамым қайтыс болған күн. Иә, әлемдегі жалғыз жақын адам. Валери туған анам болмаса да мені өз ұлындай жақсы көрді және мен үшін қолынан келгенін жасауға тырысты. Мені қолдап, хат жазып, көңіл айтқан жандарға рақмет! Мен сіздерді жақсы көремін, жақсы адамдар! Валеридің соңғы тілегін орындауға тырысайықшы. Кездескенше, – деп жазды Жәнібек.

Фото: видеодан кадр



ПІКІР ЖАЗУ