Қазақстанда тағы бір жол 20 жыл бойы ақылы болады

0
215

Көлік министрінің «Республикалық маңызы бар Үшарал-Достық жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы» бұйрығы дайындалды.

Ақылы жолдың ұзындығы – 180 шақырым. Автобустар мен жүк көліктері үшін ондағы ақы мөлшерлемесі белгіленді.

Бұл жолдың жалпы қызмет ету мерзімі – 20 жыл.

Құжат 9 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтына орналастырылды.

Бұған дейін Қазақстанда ақылы жолдардағы тарифтерді тағы 20 пайызға көтеру жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.

Фото: songscribe.ru



ПІКІР ЖАЗУ