Абай Бегей кәмелетке толмаған қызының құдалығына қатыспады
Әнші Абай Бегей ортаншы қызының құдалығында бой көрсетпеді, деп хабарлады politico.kz.
Әртүрлі әңгімелер болып жатқанын байқап отырмын. Тілектеріңізге, көңілдеріңізге рақмет! – деп жазды ол өзінің Instagram-дағы парақшасына.
Сондай-ақ оқырманның бірі «Ақтау жақта ұзатылып жатқан кезде папалары қатыспайды, салттары солай» деп жазған.
Одан өзге желі қолданушылары қыздың әлі 18 жасқа толмағанын жарыса жазып жатыр. Сол себепті әншінің блогер қызы Гүлеркем Ниязқұлова осы тақырыпқа қатысты арнайы пост жазды.
Бүкіл ел Сымбаттың жасын талқылап жатыр екен. Ол 4 айдан кейін 17 жасқа толады. Елде басқа мәселе қалмаған ба?! Жастарға бақыт тілеңіздер! Сымбатымыз «Сырғалым» атанып, ақ келін болып жатыр, – деді әпкесі.
Еске сала кетсек, бұған дейін Абай Бегейдің 9-сынып бітірген қызын алып қашқан жігітке батасын бергенін жазған болатынбыз.
Фото: Instagram