Абай Бегейдің әйелі қызын “сыйдырмады“ дегендерге жауап берді

0
170

Танымал әнші Абай Бегейдің әйелі Фариза Жұманова әлеуметтік желіде оқырмандардың ойында жүрген сұраққа жауап берді.

Оған жұртшылық «Абай Бегейдің қызын сыйдырмады, құтылу үшін тұрмысқа беріп жіберді» деп сын тағып жүрген еді. Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында осы тақырыпқа қатысты ойын айтты.

Жұрт мені «Сымбатты сыйдырмады, құтылу үшін тұрмысқа беріп жіберді» деп жатыр. Бұл – ақылға қонбайтын әңгіме. Симби – ересек адам. Өзі шешім қабылдап, таңдауын жасап, ұзатылды. Мұстафа екеуі ата-анасының батасын алып үйленіп, қазір студент болып, оқуларын оқып жатыр, – деді ол.

Кілтсөздер:Абай Бегей


ПІКІР ЖАЗУ