Әбдіжаппар Әлқожа от жағып, басы дауға қалғаннан кейін «Жігіттер» тобының әншісіне ақыл айтты
«Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбірайымов көлігін өртегісі келген кейіпте видео жариялаған болатын. Оған жуырда ғана от жағып, басы дауға қалған әнші Әбдіжаппар Әлқожа ақыл айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
«Достар, көлікті өртеп жібереді деп ойладыңыздар ма? Жоқ, біз аманатқа қиянат жасамаймыз. Дәл осы көлікті ертең сіздерге сыйлаймыз және тағы екі көлігіміз бар. 30 адамның 100 мың теңгеден қарызын жабамыз деген ниеттеміз», – дейді ол.
Әншінің бұл видеосына Әбдіжаппар Әлқожа мынандай пікір қалдырды.
«Алатау ауданы әкімшілігі айыппұл салады. Бәке, байқаңыз! Көрдік өрт жаққанды. Айыппұлын төлеп, түсініктеме жаздық», – деді ол.