«Әділетсіз»: Баян Алагөзованың «Қазақ аруы» сынға ұшырады

0
99

Продюсер Баян Алагөзова «Қазақ аруы» байқауындағы жеңімпаздың таңдалу әділдігіне қатысты сынға ұшырады.

Желі қолданушыларының кейбірі байқау нәтижесін әділетсіз деп санап, жеңімпаздың объективті емес себептермен таңдалғанын алға тартты.

Олардың пікірінше, бұл шешім қатысушылардың жеке қасиеттері мен сұлулығына емес, басқа факторларға негізделуі мүмкін деген пікір айтуда.

«Қазақ аруы» байқауы 14 жылдан бері ұйымдастырылып келеді және еліміздің әр түкпірінен мыңдаған арулар қатысады.

Биылғы байқаудың ерекшелігі ретінде жеңімпазды көрермендер тікелей эфирде дауыс беру арқылы таңдауы атап өтілді, бірақ бұл да сыншылар арасында сұрақтар тудырды.

Фото: osken-onir.kz


ПІКІР ЖАЗУ