Қайырымдылыққа деп берілген 2 млрд теңге алаяқтарға аударылған

0
67

Бүгін депутаттар қайырымдылық мақсатта ақша жинау ісін заңдастырып, оны бақылауға алуды ұсынды. Өйткені мұқтаждың кейпіне еніп, ақша жинайтын алаяқтар көбейіп барады дейді.

Бұған Қаржы мониторингі агенттігінің мына дерегі дәлел. Биыл наурыз айында қайырымдылық мақсатта 6 миллиард теңге аударылған.

Алайда 2 миллиард теңгенің аударымында алаяқтық белгілері бар. 70 мыңдай адам ақшасын мұқтажға емес, алаяққа жіберген. Сондықтан депутаттар қайырымдылық мақсатта ақша жинау ісін заңдасытырып, осының бәрін бақылайтын арнайы орган құруды ұсынды.


ПІКІР ЖАЗУ