«Қалған жазаны айыппұлмен алмастырып»: Кәрім Мәсімовтің үш орынбасарының бірі босап шықты
Қаңтар оқиғасы бойынша Мәсімовпен бірге сотталған ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Марат Өсіпов бостандыққа шықты.
ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның үш орынбасары Дәулет Ерғожин, Әнуар Садықұлов және Марат Өсіпов 2022 жылдың қаңтарында оларға билікті күштеп басып алу, қызметін асыра пайдалану және мемлекетке опасыздық жасау баптарымен қылмыстық іс қозғалған.
Марат Өсіпов қылмыстық кодекстің 362-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын. Мәсімов орынбасарларының ішінде тергеуге көмектескені үшін ең аз жазаны Марат Өсіпов алған.
Жаза мерзімінің біраз бөлігін өтеген бұрынғы қауіпсіздік қызметкері қалған жазаны айыппұлмен алмастырып, бостандыққа шықты.