Алагөзова кеше ғана бауырына басқан перзентін үйіне тастап, кино түсіріп жүр
Продюсер Баян Алагөзова жақында ғана бауырына алған нәрестесін үйіне тастап, өзі түсірілім алаңына барды, деп хабарлады politico.kz.
Айтуынша, ол бұрын-соңды болмаған жанрда бір фильм түсіруді бастап кеткен.
Керемет іс-шараның ашылуында тұрмыз. Әуелі мені үшінші рет ана атануыммен құттықтап қойсаңыздар болады. Қызымды үйге қалдырып, түсірілім алаңына келдім. Бұрын-соңды болмаған жанрда фильм түсіруді бастап кеттік. Барлығы кәсіби түрде іске асады. Комедия жанрын таңдадық, – деді Баян Мақсатқызы.
Ал оны көрген желі қолданушылары кеше ғана сәбилі болған продюсердің түсірілім алаңында жүргеніне таңқалысты.
Фото: видеодан скриншот