Алматы облысында анасы мүгедектігі бар 2 жасар баласын ұрып өлтірді

0
317

Алматы облысы, Боралдай ауылында жантүршігерлік оқиға болды.

2 қазанда кешке әйел өзінің кәмелетке толмаған, мүмкіндігі шектеулі баласын өлімші етіп сабаған. Қайғылы жағдайдың себебі мен мән-жайы әлі анықталып жатыр.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері күдіктіні дереу ұстады. Анасы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, тергеу басталды. Қылмыстың нақты себептері мен мән-жайлары әлі белгісіз.

ПД өкілдер бұл дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір қылмыстың барлық мән-жайын объектив зерттеуге бағытталған қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.



ПІКІР ЖАЗУ