Алматыда А вирустық гепатитін 400-ден астам адам жұқтырған
А гепатитінде инкубациялық кезеңі 7 куннен 50 күнге дейін созылады.
Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты.
А гепатитінің вирусы физикалық және химиялық факторларға төзімді, сондықтан вирус ұзақ уақыт сыртқы ортада сақталады. Берілу механизмі – фекальді-оральді, су, тағам, тұрмыстық-қатынас жолдары арқылы жүзеге асады. Ластанған тағамдар мен суды пайдаланғанда немесе ауру жұқтырған адаммен тікелей қарым-қатынаста болғанда, ластанған суларда жүзу кезінде және жеке бас гигиенасын сақтамаған жағдайларда ауру жұғады. 2024 жылдың 8 айында ВГА аурушаңдық көрсеткіші –18,4 құрайды 425 жағдай,- деді Әсел Қалықова.
Бүгінгі күнде А вирустық гепатитінің ең тиімді алдын-алу әдісі вакцинация болып табылады. А гепатитіне қарсы екпе жоспарлы түрде екі рет 2 жастағы балаларға және эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша науқаспен қарым-қатынаста болған бұрын жоспарлы түрде егілмеген 14 жасқа дейінгі балаларға тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханаларда тегін жүргізіледі.
Фото: pixabay.com