Алматыда сақалды жігіт егделеу жүргізушіні соққыға жықты

0
228

Желіде Алматыда жол бойында екі жүргізуші арасында болған жанжалдың видеосы тарады. Видеодан бір жүргізушінің екінші жүргізушіні ұрып жатқанын көруге болады.

Қалалық полиция департаментінің өкілдері Әуезов аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімшесінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Дене жарақатының ауырлық деңгейін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Тергеу шараларының қорытындысы бойынша іс материалдары сотқа жолданады.



ПІКІР ЖАЗУ