Алматыда тағы суицид: қыз 14-қабаттан секіріп кеткен
Алматыда 19 жастағы бойжеткеннің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады. Жас қыз «Манхэттен» тұрғын үй кешенінің 14-қабатынан секіріп кеткен.
Оқиға орнынан видео Telegram-арналардың бірінде пайда болды. Оқиғаға Алматы ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді.
Құқық қорғау органдары істің толық мән-жайын ашпады. Тек марқұмның 19 жаста екені ғана айтылды.
«Аталған факті бойынша Алмалы ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімшесінде қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себебі анықталуда», — деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.