Алматыдағы үш жасар Айя-Софияның өлімі: полиция істің мән-жайын айтты

0
135

17 наурызда үш жасар Айя-София Алматы облысының Күш ауылында жоғалып кеткен болатын. Шілденің соңында полицейлер жоғалған балаға тиесілі болуы мүмкін сүйек қалдықтарын тапты.

Алматы облысының Полиция департаменті қызды өлтірді деген күдікке кімдердің іліккенін айтты.

Баланың анасы мен онымен бірге тұратын адамның ауыр қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша істің мән-жайларын анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктілерге қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық істің тергеу нәтижелері бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданады, – делінген ПД жауабында.

Еске салайық, 17 наурызда Айя-София Алматы облысының Күш ауылында жоғалып кеткен болатын.



ПІКІР ЖАЗУ