Amanat партиясының мүшесі 7 жасар балаға зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді
Жетісу облысында Amanat партиясының мүшесі жеті жасар балаға зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді.
Партияның Ақсу аудандық филиалының басшысы Жақыпов Серікқан 7 жасар балаға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді.
Ақсу аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, зорлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалыпты. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр дейді.
Ал Amanat партиясының Жетісу облыстық филиалы Жақыповтың өз еркімен жұмыстан кеткенін мәлімдеді.