«Анам үшін соңына дейін барамын». Елдос Сметов өзін «мамасының баласы» дейтіндерге жауап берді
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Қарағандыда өткен жиындардың бірінде өзін «мамасының баласы» дейтіндерге жауап берді.
Қазаққа мәлім деген ер азаматтардың артында әйелдер тұрады. Батыры болсын, ғалымы болсын солай. Анасының дұғасының арқасында жетістікке жетеді. Кім не десін о десін анам үшін соңына дейін баратын адаммын. Әйелдердің сөзін сөйлейтіндердің қатарынанмын. Қанша жерден әлемді мойындатып, дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпион болсам да, анамнан асып кете алмаймын. Анамды құрметтегеннен жаман болған кезім жоқ, – дейді спортшы.