«Анасы жаман болса…». Әйелдерге ақыл айтқан Баян Алагөзова сынға қалды

0
367

Танымал продюсер Баян Алагөзова бала тәрбиесіне келгенде ананың өзі қандай болу керектігін айтты.

Бұл туралы ол Дина Төлепбергенге берген сұхбатында айтты.

Мен қолы бос әйел болғым келмейді, менің балаларым мені күтсе екен деймін. Мен балаларымның маған таңырқай қарағанын қалаймын. Ал, олар менімен мақтану үшін, мен өзім күн сайын өсіп, дамып отыруым керек. Қазір мен бұл тәжірибені дұрыс деп отырған жоқпын. Ол тек мен үшін жақсы тәжірибе болуы мүмкін. Баланы тәрбиелеудің ең дұрыс жолы — өзің үлгі болу. Анасы жаман болса, баласы қайдан жақсы болсын?! Бала анасы қатыгез болса, мейірімді болып өспейді. Егер анасы тәрбиесіз болса, оның баласы қайдан тәрбиелі болады? Оның барлығын бала күннен губка сияқты сіңіріле береді», — деді продюсер.

Кілтсөздер:Баян Алагөзова


ПІКІР ЖАЗУ