Апатты мектеп, емхана, Интернет: Премьер-Министр ауылдық жерлердегі проблеманы атады

0
72

 

Премьер-Министр Олжас Бектенов ауылдардағы мектептер мен медициналық мекемелерге назар аудару қажеттігін айтты.

«Мектептер мен медициналық мекемелер – ауылдағы ең маңызды объектілер. Оларға айрықша назар қажет. Қазіргі таңда апатты жағдайда тұрған ауыл мектептері аз емес. Денсаулық сақтау ғимараттары тапшы. Кейбір ауылдардың тұрғындары басқа елді-мекендерге барып емделуге, оқуға мәжбүр. Сондай-ақ ауыз су мен жолдардың сапасына, электр қуаты мен ұялы байланыстың жағдайына және Интернеттің қолжетімді болуына қатысты мыңдаған шағым келіп түседі. Мұның барлығы ауыл тұрғындарының жаппай көшіп кетуіне себепші болады», – деді Олжас Бектенов.

Премьер-Министр әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын, әсіресе шекара маңындағы аумақтардың инфрақұрылымын дамыту жұмыстарын күшейту қажеттігін жеткізді.

 


ПІКІР ЖАЗУ