Ақтөбедегі алапат жол апаты 5 адамның өмірін қиды

0
102

Самара-Шымкент тасжолының Әлия ауылы маңында жүк көлігі және жеңіл машина соқтығысты. Оқиға орнында 4, ауруханада 1 адам көз жұмды.

Көз жұмғандардың екеуі – бала.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

26 тамызда 18:45 шамасында Самара-Шымкент тасжолының Қобда ауданы Әлия ауылы маңында Mersedes жүк көлігі мен Volkswagen Polo көлігі соқтығысты. Жеңіл көліктегі 4 жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен бала медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша іс қозғалды, – делінген хабарламада.

Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушысын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.



ПІКІР ЖАЗУ