«Арам дүние маған керек емес»: «Қазақ аруы-2024» кінә таққандарға жауап берді

0
35

Бірер күн бұрын «Қазақ аруы – 2024» атанған Ақкербез Ысқаққызы өз жеңісіне қатысты пікір білдірді. Қызылордалық бойжеткен өзін тәжді сатып алды деп сынап жатқандарға жауап берді.

Ақкербез Ысқаққызы «Қазақ аруы» байқауындағы жеңісінен кейін ел арасында айтылып жатқан қауесеттерге нүкте қойды.

Кейбір оқырмандар қызылордалық аруды байқауды сатып алды деп сынаған. Бойжеткен қарапайым отбасыдан шыққанын айтып, бұл жеңіс өзіне әділ келгенін жеткізді.

«Қарапайым отбасыдан шыққан қызбын. Ата-анам кәсіпкер болып жұмыс істейді. Төрт бауырым бар. Мен үйдің ең кенжесімін. Отбасымызда екі жеңгем, барлығымыз бірге тұрамыз. Өте үлкен отбасымыз. Көп кісілер «екі келіннің басы бір үйге қалай сыйып жатыр» деп бізге таңғалады. Бұл менің отбасымның даналығы, тәрбие көргеніміз, ата-анамыздың мықтылығының арқасында қазір осындай жағдайға жетіп тұрмыз деп ойлаймын. Менің асып-тасып бара жатқан ешкімім жоқ. Тіреп тұрған көкем жоқ. Көбі мен сатып алды деп сынап жатыр. Ондай сатып алынған арам дүние маған керек емес. Бұл жеңіс маған әділ келді», – деді Ақкербез Ысқаққызы.


ПІКІР ЖАЗУ