«Путин соғыста жеңемін деп, өзіне өлім жазасын тілеп алды» — Шораев (ВИДЕО)

0
57

«Осы шабуыл арқылы Путин өзіне өлім жазасын тілеп алды. Ресейдің ыдырауына әрі кетсе 5-ақ жыл қалды». Бұл пікірді белгілі қоғам белсендісі, кәсіпкер Арман Шораев Украинаның «FREEDOM» халықаралық телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы.

«Басқыншылықтың бірінші күнінен бастап-ақ қазақстандықтардың 80 пайызы Украинаны қолдайтынын айта аламын. Украина үшін алаңдаймыз. Мен көптеген қазақтар сияқты Ресейдің Украинаға жасаған шабуылын Қазақстанға жасалған шабуыл деп қабылдадым. Алғашқы айларда біз Украина уақытымен өмір сүрдік және күні бүгінге дейін телеграм-арналардағы ақпаратты өз бақылауымызда ұстауды жалғастырып келеміз. Біз Украинаның Қарулы Күштерінің басқыншыларды жойып, тікұшақтар мен танктерді құлатқанын көріп қуанамыз. Шындық осы», — дейді Арман Шораев. 

Арман Шораевтың айтуынша, Ресейдің ыдырауына 5-ақ жыл қалды.

 Украина жеңетініне ешқандай күмәніміз жоқ. Агрессияның алғашқы күндері-ақ осы шабуыл арқылы Путин өзіне өлім жазасын тілеп алды. Ол өлім жазасына тек өзін ғана емес, Ресей Федерациясын да қиды. Бұрындары РФ-ның ыдырауына 10-15 жыл бар деп ойласам, дәл қазіргі жағдайда әрі кетсе 5-ақ жыл қалды», — дейді қоғам белсендісі.

 

www.Adyrna.kz


ПІКІР ЖАЗУ