АЯТЖАН АХМЕТЖАНҰЛЫ: Оқушылардың оқып, дамуына жағдай жасалуда

0
72

Президенттің бұл жолғы Жолдауында бұрынғы айтылып жүрген мәселелер толықтырғандай болды.  Ең бірінші, ауыл мен қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайту. Әуелі мектеп салу мәселесі – Үкімет пен әкімдіктердің басты міндеті. Енді жемқорлардың заңсыз тапқан қаржысы олар сотталған соң мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалмақ. Осындай ұсынысты жасаған Президент, Үкіметтің осы бастаманы заң тұрғысынан реттеуін тапсырды. Бұл – дұрыс  шешім.

Екіншіден, апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілмек. Бұған дәлел Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі:  «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз».

Сонымен қатар осы жолғы Жолдауда білім беру жүйесінің өзекті бағыттары айқындалды. Мемлекет басшысы ел дамуының негізгі аспектілерін, білім беру жүйесінің өзекті бағыттарын айқындап көрсетті. Президент жоғары сыныптарда жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мен ағылшын тілін оқытуды күшейту қерегіне баса назар аудартты. Шынында да, түлектер  ҰБТ тапсыру кезінде математика, физика, химия және биология сияқты жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді таңдайды. Сондықтан аталған пәндердің оқыту сапасын жақсарты үшін педагогтердің біліктілігін арттырып, мектептегін химия, биология, физика кабинеттерін қажетті материалдық-техникалық жабдықтармен қамту керек.

Оған қоса,  тілдерді оқытуды кезең-кезеңімен енгізу қағидасына сәйкес 2024 жылдан бастап шет тілін оқыту 3-сыныптан бастап жүзеге асырылады. Соның арқасында еліміздің және әлемнің жетекші университеттеріне түсуге мүмкіндік болады. Бұл дегеніміз, орта білім беру сапасы – табысты ұлттың қалыптасуының маңызды шарты. Сондықтан еліміздегі оқушылардың жан-жақты оқып, дамуына қолайлы жағдай жасалып жатыр.

http://www.adyrna.kz


ПІКІР ЖАЗУ