БҰҰ Бас хатшысы Тоқаевтың бастамасын қолдады

0
50

Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарының соңында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Конструктивті және достық жағдайында өткен кездесуде Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың жай-күйі мен перспективалары талқыланды.

Сондай-ақ қазіргі заманның өзекті сын-қатерлерін шешудің ұжымдық әдістерін әзірлеуге бағытталған күш-жігерге ерекше назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерриштің БҰҰ Бас хатшысы лауазымындағы қызметін жоғары бағалап, оның 2023 жылы «Болашақ саммитін» шақыру туралы бастамасын толық қолдайтынын жеткізді. Президент осы маңызды жиынның қорытындысы Орнықты даму мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

«Тараптар Мемлекет басшысының Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ хабын құру бастамасының жүзеге асырылу барысын қарастырды. БҰҰ Бас хатшысы бұл маңызды бастаманы қолдайтынын айтты», — делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерришті Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

adyrna.kz


ПІКІР ЖАЗУ