Қаңтар оқиғаларына байланысты сотталған 1500-ден аса адамға рақымшылық жасалмақ

0
63
Бас прокуратура «Рақымшылық туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасы бойынша реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, қазіргі уақытта тергеуде жүргендер немесе сотталғандар арасында 1 520 адам рақымшылыққа ілінеді, олардың ішінде:

  • «қаңтардағы оқиғалар» бойынша  іс жүргізуде 391 қылмыстық іс бар (рақымшылық жасауға жататындар), олардың 383-і күдікті, айыпталушы болып өтуде.
  • соттың іс жүргізуінде 102 адамға қатысты 36 іс бар.

Сотталғандар — 1 035, оның ішінде 93 адам бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуде, 930 адам — пробацияда, тоғызына қоғамдық жұмыстар тағайындалған, тағы үшеуіне айыппұл жазылып берілген.

Қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасаған адамдарды қылмыстық жауаптылықтан толық босату ұсынылады. Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға жаза мерзімі қысқартылуы мүмкін. 

Заң жобасының күші мемлекетке опасыздық жасауға байланысты қылмыстар жасаған; жаппай тәртіпсіздіктерді, сыбайлас жемқорлық қылмысты, террористік қылмысты, экстремистік қылмысты, азаптауды ұйымдастырған, сондай-ақ қылмыстардың қайталануы немесе қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындалған адамдарға қолданылмайды. 

Заң жобасын әзірлеуге Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы негіз болды, онда қаңтардағы оқиғаларға қатысушыларға қатысты бір реттік амнистия өткізу тапсырылған.

Құжат 14 қазанға дейін Ашық НҚА сайтына қоғамдық талқы үшін орналастырылған.

www.politeko.kz

kaz.zakon.kz

 


ПІКІР ЖАЗУ