Желіде Қазақстан Ресейге әскери техника жөнелтіп жатыр деген фейк тарады

0
52

Әлеуметтік желілерде әскери техниканың видеосы тарады. Онда бұл әскери техника Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің келісімі бойынша Қазақстаннан Ресейге жөнелтіліп жатқаны айтылады. Алайда бұл шындыққа жанаспайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Қорғаныс министрлігі өкілі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл қазақстандық техниканы Ресей Федерациясына жіберу сәті емес», — деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Сондай-ақ, министрлік мәліметінше, қазір Қазақстанда ҰҚШҰ-ның бірлескен оқу-жаттығуларына арналған техниканы жөнелту жұмыстары жүріп жатыр. Оқу-жаттығулар туралы ақпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында да жарияланған. Шара 2022 жылғы 26 қыркүйектен 8 қазанға дейін Жамбыл және Алматы облыстарында өтеді. Оған ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел ден қою күштерінің «Өзара іс-қимыл-2022», «Іздеу-2022», «Эшелон-2022» қатысады.

«Осыған байланысты елімізге Ұйымға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келеді. Әскери техниканың қозғалысы теміржол, әуе көліктерімен және дөңгелекті техникамен жүзеге асырылады. Бұл тұрғыда азаматтарды әлеуметтік желілерде таралатын түрлі қауесетке ермеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз», — делінген хабарламада.

kaz.tengrinews.kz

poloiteko.kz


ПІКІР ЖАЗУ