Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп «Қорқыт ата» телехикаясының түсірілімін бастады

0
57

Алматы облысында «Қорқыт ата» телехикаясын түсіру жұмыстары басталды деп хабарлады turkystan.kz.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, тарихи туындыны «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен Өзбекстанның «Кинематография агенттігі» бірлесіп түсіреді. Түсірілім алаңына ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі барып келген. Оның айтуынша, дала абызына қатысты аңыздардың көпшілігі қазақ даласында сақталған.

«Бірақ өздерінің түп-тамырын Қорқытпен байланыстыратын халық көп. Сондықтан бұл телехикая халықаралық нарықта танымал жоба болатынына сенеміз. Ең алдымен, өз тұлғаларымызды дәріптеуде осындай сериалдардың маңызы зор»,- дейді министр.

Телехикая 4 бөлімнен тұрады.

Түсірілім тобына Түркі академиясы зерттеушілерінің Алтайдың Қарақаба жазығынан тапқан V-VІ ғасырға тиесілі қобызды пайдалануға ұсыныс жасалды.

politico.kz

turkystan.kz


ПІКІР ЖАЗУ