104 жастағы әже дауыс берді

0
86

Қонаев қаласындағы 937 сайлау учаскесінде де тұрғындар тарапынан дауыс беруге ықтималдық үлес басым. Үлкені-жасы да қалмай, өз таңдауын жасауға жанталаса асығуда. Көңіл серпілтер ерекше сәтке де көзайым болдық.

937-ші нөмірлі сайлау учаскесінің
мамандары 2 ықшамауданда орналасқан тұрғын үйге бас сұғып, 104 жастағы ақ жаулықты ананың батасын алды. «Елімізде бейбітшілік пен ынтымақ болсын» деп тілеген Мұхсина әжеміз теледидар, газеттен көз алмайтын көрінеді. Саяси шарадан толыққанды хабардар, тіпті жүрегіне жақын кандидатты да таңдап қойған.

Бүгінгі сайлауда өз даусын беріп, шаңырағына енген ұл-қыздарға ақ батасын арнады. Шөпшектің алақанынан май жалаған ақжаулықтының бата-тілеуінен саяси науқанның салмағы сезілді. Амандық тілеп, шынайы ризашылығымызбен қайттық!


ПІКІР ЖАЗУ